Алматы облысы қоқыс полигонындағы өртті тік ұшақтың көмегімен сөндіруде

Күні: 19:19, 16-05-2019.

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Алматы облысы қоқыс полигонындағы өртті тік ұшақтың көмегімен сөндіруде, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Алматы облысы қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге 11 бірлік өрт сөндіру көлігі, 16 өзі тиегіш, жеті бульдозер, бір экскаватор мен жеке құрамдағы 114 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар Алматы әкімдігі құтқару қызметі мен ТЖК екі тік ұшағы жұмылдырылған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Алматы ТЖД бастығы Серік Әубәкіровтың айтуынша, «өртті сөндірудің барлық қол жетімді құралдары қолданылуда».
«Оттың оттегімен араласуын болдырмау үшін қоқыс топырақпен көмілуде. Сонымен қатар өрт көздерінің барлығына су себілуде. Жұмыстар  ауадан  да жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда әрқайсысы үш текшеден 26 рет су төгілді», - деді Әубәкіров,
Бұрынғысынша өрт өздігінен шыққан деген нұсқа айтылуда.
«Ары қарайғы нұсқалары анықталуда», - деді Алматы ТЖД-нен. 
Бұған дейін хабарланғандай, 16 мамырда сағат 02.03-те өрт сөндіру қызметінің тетігіне Алматы облысы Қарасай ауданы Айтай ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигонында шамамен 1 га алаңда қатты тұрмыстық қалдықтар өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өз кезегінде Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі өрт сөндіру көліктерінің ол жерге бара алмайтынын айтуда, себебі шұңқырдың тереңдігі 60-70 м.
Кейін хабарлағандай, өрттің шығуына химиялық қалдықтар себеп болған.


Жаңалықтармен бөлісу: