Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

Талдықорған. 13 тамыз. ҚазТАГ – Алматы облысы бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой интернетте және БАҚ-та жарияланған видеоны зерттеді. Видеода Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов Талдықорғанда жергілікті базардың кәсіпкерлерімен кездесу барысында қалалықтарға дөрекілік танытқаны көрінеді. (…) Осы орайда денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас санитарлық дәрігеріне қатысты қызметтік тексеруді бастауды тапсырды», - деп хабарлады бейсенбіде ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожақметов.
Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың ренішіне түсіністікпен қарайды және мұндай әрекет мемлекеттік қызметшіге лайықсыз деп есептейді.
«Тексеру жалғасып жатыр және оның қорытындысы туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медиа орталығы сайтында және әлеуметтік желі аккаунттарында хабарланады», - деді Қожахметов.

adimage