Алматы мен бірқатар облыстарда таулы өзендерде алдағы күндері су деңгейінің көтерілуі күтіледі

Күні: 18:25, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Алматы мен бірқатар облыстарда таулы өзендерде алдағы күндері су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«15 - 17 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы, 15-16 маусымда Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, таулы өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және бүйірлі ағынның қалыптасуы күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 14 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%.


Жаңалықтармен бөлісу: