Алматы-Бішкек тас жолындағы ЖКО-да бес адам мерт болды

Күні: 18:33, 13-08-2019.

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ – Алматы-Бішкек тас жолындағы ЖКО-да бес адам мерт болды, деп хабарлады Zakon.kz.
Shacman жүк көлігі Бішкекке қара бара жатқан. Оның жүргізушісі айтқандай қарсы келе жатқан Mazda 626 кенет жолдың үстінен ары-бері теңселіп, жолдың жиегіне шығып кетіп, бірден жүк көлігіне қарсы жүріп, оның алдыңғы доңғалағына соғып, көліктің астына кіріп кеткен. Қатты соққыдан оның доңғалағы ұшып, Shacman көлігінің жүргізушісі көлігін игере алмай, айналып барып, жолға көлденең тұрған.
Жеңіл көлік соққыдан адам танымастай болып қалған.
«Mazda 626 және Shacman жүк көлігінің қатысуымен орын алған ЖКО Алматы-Бішкек көлік жолының 84 шақырымында орын алған. .Апат нәтижесінде бес адам ажал құшып, үшеуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Оны облыстық полиция департаменті жүргізуде», - деп түсіндірді сейсенбіде Алматы облысы ПД баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, қаза тапқандар арасында үш бала бар. Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді ТЖ қызметкерлері шығарып алды.
Оқиға орнында Алматы облысы ПД тергеушілері жұмыс жасап жатыр.


Жаңалықтармен бөлісу: