Алматы базарларының біріндегі жоғары деңгейдегі өрт сөндірілді

Алматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ- Алматы базарларының біріндегі жоғары деңгейдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

««18 қыркүйекте сағат 14.28-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Жетісу аудандық базарының аумағында болған жоғары деңгейдегі өртті жойды», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Атап өтілгендей, техникалардың жедел жетуіне адамдар көп жиналатын жердегі тұрақтағы жеке көліктер кедергі жасайды.

«Төтенше жағдайлар департаменті жеке көліктердің өрт сөндіру техникасына кедергі жасағанын хабарлады. Оларды эвакуаторлармен алып тастауға тура келген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де барды»,- деп қосты ТЖД.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage