Алматы.26 мамыр.ҚазТАГ- Алматы қаласының бірнеше шағын аудандары 1 күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды "Алматы су" МКК баспасөз қызметі.
«Алматының бірқатар шағын аудандарында сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, суық су жергілікті түрде ажыратылатын болады»,- делінген хабарламада.
30 мамыр күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін "Орбита-1, 2, 3, 4", "Таугүл - 1, 2", "Мамыр-1, 4, 5, 6, 7", "Алмас", "Атамекен", "Қуаныш", "Достық" шағын аудандары мен М.Кәрім, Цветочная, Ықылас, Тойбастар, Тайбұрыл, Пролетарская көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша шектеледі.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның марапатын иеленді
4 Қазан 2024, 16:59 -
Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекітті
4 Қазан 2024, 16:16