Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматы агломерациясында өнеркәсіптік кластерді дамыту жоспарлануда, делінген Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасының жаңа редакциясының жобасында.
«Өнеркәсіптік өсімнің қарқындылығы үшін бірнеше өнеркәсіптік кластерді дамыту қарастырылуда: «Алматы» Алатау ауданының өнеркәсіптік аймағы (490 га); Медеу ауданында «Инновациялық технология паркі» Арнайы экономикалық аймағы» мемлекеттік иннновациялық кластері (362 га); ҮААЖ түйініндегі Қапшағай тас жолы бойындағы «Береке» индустриалды аймағы (383 га); «Арна» индустриалды аймағы (1 303 га); Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы «Қайрат» индустриалды аймағы (198 га)», - делінген құжатта.
Сонымен қатар, ҮААЖ түйініндегі Қапшағай тас жолы бойындағы «Боралдай» индустриалды аймағын (602 га); Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылында Даму-Алматы жеке индустриалды паркін (210 га); Алматы облысы Қарасай ауданы Боралдай ауылында Даму – Ақсеңгір (22 га); Талғар ауданы Жаңалық ауылында Даму-Қайрат индустриалды аймағын (142 га) дамыту жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53