Алдағы үш тәулікте Нұр-Сұлтан мен Ақмола облыстарында найзағай мен бұршақ күтілуде

Күні: 18:07, 12-06-2019.

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Нұр-Сұлтан мен Ақмола облыстарында найзағай мен бұршақ күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13-15 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. 14-15 маусымда кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Нұр-Сұлтан қ: күндіз 13, тәулік бойы 14-15 маусымда найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.


Жаңалықтармен бөлісу: