Алдағы үш тәулікте Қазақстанның шығыс жартысында жаңбыр күтіледі

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның шығыс жартысында жаңбыр күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронттардың жылжуы жалғасады. Сондықтан алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, найзағай кезінде күшті екпінді жел күтіледі, күндізгі сағаттарда бұршақ болуы мүмкін, ал ауа температурасы климаттық нормадан төмен сақталады», - делінген дүйсенбіде 18-20 маусымға таратылған ауа райы болжамында.
Республиканың батыс және оңтүстік облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым аймағы таралып, соның әсерінен аздаған бұлтты және ыстық ауа райы күтіледі
«18-19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 18, тәулік бойы 19 маусымда найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Түнде және таңертен тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудң ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.

adimage