Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын және күннің салқындауы күтіледі

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – 19-21 қазан аралығында Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашын және күннің салқындауы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алайда, өткен бірнеше тәуліктерде циклондар Батыс Сібір арқылы өткенімен, олармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстандағы ауа райына өз әсерін тигізді. Осыған байланысты алдағы демалыс күндері әліде соған ұқсас синоптикалық жағдайлар күтіліп, республиканың басым облыстарында жауын-шашын, солтүстік бөлігінің кей жерлерінде көктайғақ және тұман күтіледі. Солтүстік теңіз аймағынан кіруін жалғастырып жатқан суық ауа массалары, әрі қарай ауа температурасының төмендеуіне алып келеді, сонымен орташа көпжылдық температурадан 3…5°С төмен болып күтіледі», - делінген жұма күні таратылған ауа райы болжамында.


adimage