Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

    Астана.8ақпан.ҚазТАГ- Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым өңірінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды «Казгидромет»РМК баспасөз қызметі.
    «Оңтүстік және шығыс өңірлерде оңтүстік циклон жырасының ықпалымен; солтүстігінде және солтүстік – батысында-Салехард аудандарынан циклон жырасымен ауа – райының тұрақсыз сипаты сақталады»,-делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 09 ақпанда қатты жауын – шашын, 10 ақпанда қатты қар жауады деп күтілуде. Сондай-ақ, аталған өңірлерде көктайғақ күтілуде. «Республика бойынша тұман, жаяу бұрқасын және желдің күшеюі болжанады. 11 ақпанда батыс антициклонының жотасы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарға ауысады, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі»,-деп ескертті синоптиктер.

adimage