Алдағы үш күнде Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте бұлтты ауа райы күтіледі

Астана. 11 тамыз. ҚазТАГ - Алдағы үш күнде Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте бұлтты ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
12, 13 және 14 тамызда Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, аүндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел тұрады, ауа температурасы түнде +11+15, күндіз +24+28.
Алматы қаласында құбылмалы бұлтты, түнде және ертеңгісі жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+19, күндіз +28+32.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +16+20, күндіз +31+39.

adimage