Алдағы күндері полярлық және арктикалық фронттар Қазақстан арқылы кезек-кезегімен өтеді

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ – Алдағы күндері полярлық және арктикалық фронттар Қазақстан арқылы кезек-кезегімен өтеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ және күшті 15-25 м/с желмен суық ауа райы күтіледі. Бұл барлық метеорологиялық құбылыстар алдымен полярлық, артынша арктикалық суық фронттардың өтуімен байланысты болады. Батыс облыстарына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан антициклон жылжып, республика арқылы антициклонның жылжуымен кезеңнің соңында солтүстік, оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынның тоқтатылуы күтіледі», - делінген 21-23 мамырға арналған дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында

adimage