Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік және оңтүстік циклондардың қосылуы республиканың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын тудырады», - делінген сәрсенбіде таратылған 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамында.
Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және шығыста, сондай-ақ орталықта, өте күшті, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
«Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -25...-30°С дейін төмендейді деп күтілуде», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,45-ке өсіп, Т443,77 болды24 Сәуiр 2024, 17:50
-
Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Астанаға келді24 Сәуiр 2024, 17:45
-
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі24 Сәуiр 2024, 17:22