Алматы. 17 ақпан. ҚазТАГ – Алдағы екі күнде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қардың көп түсуі және тау бөктеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде 17-18 ақпан күндері қар көшкіні болуы мүмкін», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Құтқарушылар тұрғындарға қар көшкінін тудырмас үшін қар басып қалған тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береді.
«Көлік иелеріне көліктерін ағаштардың түбіне қоймауға кеңес береміз. Қардың мол жаууына байланысты ағаштардың түбіне тұру қауіпті, абай болыңыздар, салбыраңқы бұтақтарды айналып өтіңіздер!» - деді ТЖД-ден.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53