Ғабит Садырбеков бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

    Астана.3 қазан.ҚазТАГ- Ғабит Садырбеков бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   "Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   Садырбеков 2022 жылдың 8-ші қаңтарынан бастап ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды. 2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы. 2020-2021 жылдары – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.

adimage