Абай облысы ормандарды өсіруге Т1,3 млрд сұрауда

Семей. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Абай облысы ормандарды молықтыру және орман өсіруге бюджеттен Т1,3 млрд сұрауда
деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсіру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 186 159,5; 2024 жыл - 249 754; 2025 жыл - 293 694; 2026 жыл - 299 003; 2027 жыл - 311 448», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т1 340 058 500.

Мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтірілетін табиғи ресурстарды тиімді, орнықты пайдалану, орман жамылғысын ұлғайту және флора мен фаунаның түрлерінің биологиялық әртүрлілігін сақтау, қоршаған ортаның сапасын жақсарту, халықтың гүлденген, қауіпсіз және жайлы өмір сүруінің негізі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

«Міндеттер: ормандарды қорғауды, өсімін молайтуды және орман өсіруді қамтамасыз ету», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: pixabay.com


adimage