Ақтөбеде оңалту орталығының құрылысына Т5,5 млрд жұмсау жоспарлануда

Астана. 19 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбеде оңалту орталығының құрылысына Т5,5 млрд жұмсау жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ»; атауы – Тұрғын жайлық емес ғимараттарды/құрылғыларды тұрғызу жұмыстары; қосымша сипаттамасы – "Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында 150 орынды мүгедектерге арналған оңалту орталығын салу" нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары; жоспарлы сомасы – Т5 463 500 044», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан лот сипаттамасында.
Қаражат екі жылға есептелген - Т758 928,57 бірінші жылы, және Т5 462 741 115,43 екінші жылы жұмсау жоспарланған.
Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау басталды және 26 қазанда аяқталады.

adimage