Ақтөбе. 27 мамыр. ҚазТАГ-Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
"27 мамырда сағат 00.30-да Хромтау аудандық ПБ кезекші бөліміне Хромтаудан 75 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Аққұдық ауылы маңындағы "Хромтау-Көктау" автожолының 19 шақырымындағы Nissan Teana автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Хромтау ауданының 44 жастағы тұрғынының басқаруымен "Ваз-2115" автокөлігімен соқтығысуға жол бергені алдын ала анықталды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында "ВАЗ - 2115" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты",-деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, түрлі жарақаттармен Хромтау аудандық ауруханасына Nissan Teana автокөлігінің жүргізушісі мен "ВАЗ-2115"автокөлігінің үш жолаушысы жеткізілді.
ҚР ҚК-нің 4-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Сараптама тағайындалды", - деп толықтырды полиция қызметкерлері.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34