Ақтөбе облысында жұмыссыздыққа қатысты проблема жоқ, тек адамдар Т30 мыңға жұмыс жасағысы келмейді - Сапарбаев

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Нұргүл  Жігер. Ақтөбе облысында жұмыссыздыққа қатысты проблема жоқ, тек адамдар Т30-40 мыңға жұмыс жасағысы келмейді, деп мәлімдеді өңір әкімі Бердыбек Сапарбаев.
«Біз талдау жасадық, өңірдегі бос жұмыс орындарының саны сұраныстан асып кетеді. Тіпті кейде кейіреулер жалақы көлемін сұрап, жұмысқа бармайды. Егер жалақысы Т30-40 мың болса, олар оған бармайды.  Яғни бүгінгі таңда жұмыссыздыққа қатысты ешқандай проблема жоқ», - деді ол жұма күнгі баспасөз мәслихатында.  
Оның айтуынша, былтыр Ақтөбе облысы бойынша жұмыссыздық көлемі облыстың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына шаққанда 4,8% құраған, және жыл сайын өңірде кәсіпорындардың құрылуынан 23 мың жаңа жұмыс орны ашылады екен.  

adimage