Ақтөбе облысында ҚТЖ филиалының шенеунігі пара алған деп күдіктелуде

Күні: 18:40, 10-10-2019.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында «Қазақстан Темір Жолы» (ҚТЖ) Ұлттық компаниясы» АҚ филиалының шенеунігі пара алған деп күдіктелуде, деп хабарлады сыбайлас жемқорлықмен күрес қызметінен.
«ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол қала тұрғынынан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, күдікті ұсталып, Ақтөбе ПБ УҰИ тоғытылды.


Жаңалықтармен бөлісу: