Ақтөбе облысында сенбі күні бұрқасын күтіледі

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында сенбі күні бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«7 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 7 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage