Ақтөбе.8 ақпан.ҚазТАГ- Ақтөбе облысында электр станциясынын өрт шықты, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«8 ақпанда сағат 09: 39-да Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің "101" пультіне Айымбетов көшесіндегі Алға электр станциясының ашық жалынмен жануы туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына 18 құтқарушы және 4 бірлік техника жіберілді. Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлайды сәрсенбі күні ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына құтқарушылар келгеннен кейін ғимараттың кіреберіс қақпасының есігін бұзып ашу жүзеге асырылды. Өртті сөндіру барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, көбікпен жүзеге асырылды.
«Өртті сөндіру барысында құтқарушылар өрттің көршілес қосалқы станция секцияларына таралу қаупі жойылды. Алды ала деректер бойынша өрт алаңы 50 шаршы метр.Өрт 10 сағат 29 минутта оқшауланып, 10 сағат 40 минутта сөндірілді»,- деп нақтылады ТЖД.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17