АҚШ мемхатшысы Қазақстан СІМ басшысына қоңырау шалды

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Вице-премьер – Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен келіссөздер өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
«Америка тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен арасында телефон арқылы сұхбат өтті. Келіссөздер барысында тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетудің кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті проблематиканы талқылады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
М.Тілеуберді 2022 жылғы 20 қарашада өткен президенттік сайлаудың қорытындылары жөнінде Э.Блинкенді егжей-тегжейлі хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократиялық реформаларын Вашингтонның қолдайтынын растаған АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесі үшін алғыс айтты.

adimage