Ақмола және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 11:32, 26-03-2020.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Ақмола және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 наурызда күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Көкшетауда күндіз 26 наурызда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 26 наурызда күндіз шаңды сақталады. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: