Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшылығынан кетті

Күні: 11:02, 28-09-2022.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ - Режиссер Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
«Бүгін Акан Қарғамбайұлы өз еркімен аңызға айналған киностудияның басшысы қызметінен кетті», - деп мәлімдеді Абаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министр режиссерге көп жылғы зор еңбегі, ең бастысы «Қазақфильм» президенті ретіндегі жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Ақан Сатаев президент қызметін 2000 жылдың 7 шілдесінен бері атқарып келген.
Сонымен қатар ол SataiFilm киностудиясының негізін қалаушы.


Жаңалықтармен бөлісу: