27 қазанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 26 қазан. ҚазТАГ – 27 қазанда Қазақстанның жеті облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 27 қазанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ: 27 қазанда кей уақыттарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«27 қазанда Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде күші кей жерлерінде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Өскемен қ.: 27 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 27 қазанда оңтүстік- шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«27 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 27 қазанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-100%.
«27 қазанда Ақтөбе облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 27 қазанда әлсіз көктайғақ, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі» - деді метеорологтар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Күндіз және таңертең 27 қазанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі», - деді «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.
«27 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20, күндіз күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ. 27 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ. 27 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді баспасөз қызметі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 70-75%.
«Тәулік бойы 27, түнде 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Тәулік бойы 27-28 қазанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 27-28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күші 15-20 м/с, күндіз 27, түнде 28 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage