Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Бибіхан Серікова. Қазіргі таңда 25 қазақстандық Оңтүстік Корея түрмелерінде жазаларын өтеуде, тағы 26-сы сот үкімін күтіп отыр, деп мәлімдеді Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.
«Қазіргі таңда Кореяда 25 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Және Кореяның бір азаматы жазасын Қазақстанда өтеуде», - деді Ахметжанов сәрсенбідегі мәжіліс отырысында.
Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, ол сотталғандар Қазақстанға оралып, жазаларын отанында өтеулеріне болады.
«Аталмыш шарт («Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сотталғандарды беру туралы») ратификацияланғаннан кейін біздің елшілік сол сотталғандар бойынша жұмыс жүргізетін болады. Олар сондай мүмкіндіктің бары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деді ол.
Бірақ, ол үшін алдымен олардың оралғысы келетіні туралы келісімдері керек.
«Егер келісімдері болмаса, сотта да қаралмайды. Яғни алдын-ала қаралмайды», - деп түсіндірді Ахметжанов.
Ол сондай-ақ, қазіргі таңда қалған 26 қазақстандық азаматтың жауапқа тартылып жатқанын, бірақ әлі олар бойынша шешім шығарылмағанын жеткізді.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57