22 мамырға Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:55, 22-05-2020.

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – 22 мамырға Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 22 мамырда Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Атырау қ: күндіз 22 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.
«22 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақтау қ.: күндіз 22 мамырда шаңды дауыл күтіледі, жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 18 м/с жетеді», - деп атап өтті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«22 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 22 мамырда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15 м/с», - деп жазды сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«22 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%
«22 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«22 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 22 мамырда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деді синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: