2025 жылға дейін ҚР мен РФ шекарасындағы 25-тен астам өткізу пункті қайта жөнделмек

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. 2025 жылға дейін Қазақстан мен Ресей шекарасындағы 25 астам өткізу пункті қайта жөнделмек, деп мәлімдеді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - ҚР ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) директоры Дархан Ділманов.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде проблема (қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі – ҚазТАГ) зерделенді, және 2020 жылдан бастап бес жыл ішінде, мүмкін жылына біреуден немесе одан да көп, қайта жөнделетін болады», - деді Ділманов ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегі сұхбатында.
Оның айтуынша, қайта жөндеу жұмыстары шекара арқылы адамдар секілді, көліктердің де көптеп өтуін қамтамасыз ететін болады.
«20 жыл бұрын өткізу пункттері жасалғанда олар адамдардың белгілі бір санына арналған еді және осы уақытқа дейін ол қамтамасыз етіліп келді. Бүгінде бізде транзиттік мемлекеттің барлық жағдайы жасалған. Батыс Қытай - Батыс Еуропа секілді тас жолы салынды - бұл жүк тасымалын арттырды, ал біз оларды өткізіп үлгермей жатырмыз. Жолаушыларға қатысты да сондай проблема», - деді Ділманов өткізу пунктін қайта жөндеудің қажеттілігі туралы айтқанда.
Қазақстандық-ресейлік шекараның ара қашықтығы 7,5 мың шақырымды құрайды, шекара 51 өткізу пунктімен жабдықталған.

adimage