2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 6%-6,5% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ – 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 6%-6,5% деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Қазақтан Ұлттық банкінен.
«Әлемдік экономикадағы ахуалдың дамуын және Қазақстандағы қазіргі ішкі факторларды ескере отырып, жаңартылған болжамға сәйкес Ұлттық Банк 2022 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның 6-6,5% деңгейіне дейін одан әрі баяулауын күтуде», - делінген дүйсенбі күні реттеуші таратқан хабарда.
Ақпарға сәйкес, биылғы жылғы қаңтардың басында Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға және 2021 жылдың 1-жартысындағы салыстырмалы түрде төмен базаға байланысты инфляциялық процестердің өсуі ықтимал, оның негізгі қысымы биылғы жылғы 1-тоқсанға келеді. Биылғы жылғы 2-жарты жылдықта ӘМАТ, ЖЖМ және коммуналдық қызметтер бағасын уақытша реттеу шараларының қолданылу мерзімі (180 күн) өткеннен кейін инфляцияның жылдамдау тәуекелі ұлғаяуы мүмкін.

adimage