2019 жылы Алматы облысында 73 шақырым автожолда орташа жөндеу жасалады

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ – Ағымдағы жылы Алматы облысында 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жасалады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметінен.
«Биыл Алматы өңірінде республикалық маңызы бар жалпы ұзындығы 73,2 шақырым автожолда орташа жөндеу жұмыстары 4 учаскеде жүзеге асады», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық компания ақпарынша, республикалық маңызы бар Р-19 «Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский-Екатеринбург-Алматы» автожолынның ұзындығы 29 шақырым жол учаскесінде жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бүгінде ескі жабындыны фрезерлеу, тегістеуші қабатты төсеу, жолақтарды салу, жол жиегін нығайту және белгі бағаналарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Ал, республикалық маңызы бар А-3 «Алматы-Өскемен» автожолының ұзындығы 18 шақырым учаскесінде жолшылар тас жолдың 76 мың шаршы метр жабынын фрезерлеп, 15 мың жолда борттық тастар орнатты. Аталмыш жұмыстар «Көкпек-Кеген-Түп» 68-74 км жолдарында да жасалуда», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, Алматы облысындағы А-5 «Ақсай-Чунджа-Көлжат» көлікжолының 90-105 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары үшін 800 т қара қиыршық тас дайын.
«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 137-154 км учаскесінде жолшылар суық ресайклинг әдісі бойынша орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда.Барлық жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталады деп жоспарлануда», - деп уәде берді ұлттық компаниядан.

adimage