2019 жылдың тоғыз айында Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 13,5% өсті

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – 2019 жылдың тоғыз айында құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 13,5% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында құрылыс жұмыстарының көлемі Т2,9 трлн құрап, былтырғы кезеңнің сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% өсті. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде құрылыс жұмыстарының барынша көбі инженерлік салада (Т675,6 млрд), көлік магистралі, көше, жол, темір жолдар, көпір мен тоннельдер (Т481,8 млрд), тұрғын үй саласында (Т396,9 млрд),өнеркәсіптік ғимараттарда (Т393,7 млрд), тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде (Т177,1 млрд),», - делінген комитеттің ай сайынғы есебінде.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылдың тоғыз айында 33 498 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 31 766-сы тұруға арналған, 1732-сі тұруға арналмаған.
«Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы пайдалануға берілген нысандар: жалпы білім беретін мектеп – 38; мектепке дейінгі мекеме – 48; амбулаторлық-емханалық мекеме– 10», - делінген хабарда.

adimage