2019 жылдың басынан бері ӘМСҚ қазақстандықтарға көрсеткен қызметі үшін медмекемелерге Т460 млрд астам төледі

Күні: 15:19, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ - 2019 жылдың басынан бері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Қазақстандағы медициналық мекемелерге Т460 млрд астам қаржы төледі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 12 маусымындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 464 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 53,5 проценті», - деп хабарлады қор басқармасы төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.
Қор ақпарынша, 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 868 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 процент артық.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деп атап өтті отметила Жақселекова.
Сондай-ақ, қор нақтылағандай, биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.
«Мемлекеттік тапсырысты алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр», - деді қордан.
Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.


Жаңалықтармен бөлісу: