2000 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан садақ атудан командалық жарыста Олимпиадаға қатысатын болады

Күні: 12:18, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – 2000 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан классикалық садақтан ату бойынша командалық жарыста Олимпиада ойындарына қатысатын болады, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен.
«Қазақстандық садақ атушылар Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық сайыста Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды (…) Лицензияны иелену үшін әлем чемпионатының ширек финалына шықса жеткілікті. Соңғы рет командалық сайыста сонау 2000 жылы Сиднейдегі Олимпиада ойындарына қатысқан еді», - делінген хабарда.
ҰОК нақтыланғандай, 12 маусымда Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдулин 1/8 финалда Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері АҚШ садақшыларын 6:0 есебімен жеңді.
«Бұл нәтиже біздің командаға Токиодағы Олимпиада ойындарына лицензия иеленуге мүмкіндік берді», - деді комитеттен.


Жаңалықтармен бөлісу: