200 қызметкері бар Атырау облыстық ауруханасы карантинге жабылды

Атырау. 4 сәуір. ҚазТАГ - 200 қызметкері бар Атырау облыстық ауруханасы карантинге жабылды, деп жазды «Ақ Жайық» басылымы.
«Облыстық аурухана карантинге жабылды. Қазіргі таңда стационарда жатқан 200-ден астам қызметкер сол жерде 14 күнге қалады», - делінген сенбідегі хабарда.
Дәрігерлердің туыстарының айтуынша, медициналық мекемеде коронавирусты жұқтырудың тағы бір жағдайы анықталған.
«Облыстық тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің бұйрығы бойынша бізді карантинге жапты. Ертеңгісін жұмысқа келген барлық қызметкер 14 күн бойы карантинде болады», - деді аурухана дәрігері Саин Шомиров.

adimage