17.00-де KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,46-ға түсіп, Т446,03/$1 болды

Күні: 18:13, 26-03-2020.

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ – 17.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т446,03/$1 болды. Жұмадағы (20 наурыз) сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,46-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т445,5 – Т446,9 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $193,497 мың болды.


Жаңалықтармен бөлісу: