15 жасар жасөспірім жаттығуда дәрігерлер келгенше көз жұмған – Алматы денсаулық басқармасы

Күні: 19:03, 07-11-2019.

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ – 15 жасар жасөспірім жаттығуда дәрігерлер келгенше көз жұмған, деп мәлімдеді Алматы денсаулық басқармасы баспасөз қызметінен.
«Шақыру жедел-жәрдем қызметіне шұғылдығы жөнінен бірінші деңгей бойынша түсті, жақын маңдағы жедел-жәрдем теза арада жөнелтілді. Науқасқа жеткенге дейінгі уақыт 8 минутты құраған. Бала дәрігерлер барғанға дейін жан тапсырған», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін әлеуметтік желіде аналардың бірі – дәрігер Жібек Жолдасова жақында «ұлының командадағы достарымен бірге сұмдық жағдайдың куәсі болғанын» жазған еді.
«Олардың көз алдында құрдастары жан тапсырды. Барлығы жаттығу кезінде болған. Ұлымның айтуынша, ол күні соншалықты ауыр жүктеме болмаған, күнделікті сергіту, сосын балалар жәй ойнап жүрген. Бір кезде марқұм болған бала жүрек тұсын ұстап, жерге құлап, қайтыс болып кете барған. Екі жедел-жәрдем бригадасы келген, алайда олар құтқара алмаған. Жасөспірімдердің жасы небәрі 13-15-те және олардың денсуалық жағдайы туралы анқтаманы да бірінші жаттығуда-ақ талап етеді. Барлық баланың ондай анықтамасы бар, біз тіпті ұлымыздың жүрек УДЗ түсірдік. (…) Кешкісін жаттықтырушының өтініші бойынша барлығын полицияға түсініктеме беруге шақырды», - деді дәрігер.
Өз кезегінде Алматының қоғамдық денсаулық басқармасы баспасөз қызметінен «баланың жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болғанын» айтты. Өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: