13.00-де KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,66-ға өсіп, Т435,54/$1 болды

Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – 13.00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т435,54/$1 болды. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,66-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т434,99 – Т437,1 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $70,85 мың болды.

adimage