ҚР-да тек 1 мың кәсіпкер «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 6%-дық несие алған - сарапшы

Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» мембағдарламасы бойынша 1000-нан сәл ғана астам кәсіпкер 6%-дық несие алған, деп мәлімдеді «Атамекен» ҰКП басқармасының төрағасы Аблай Мырзахметов.
«2 мыңнан астам кәсіпкер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алуға өтініш берген. Олардың тек 1 мыңнан астамы ғана оған қол жеткізген», - деді Мырзахметов жұмада бизнес және ұсынылатын дағдарысқа қарсы шаралар туралы бейнеконференцияда.
Оның айтуынша, шамамен 400 кәсіпкерге несие алуға берген өтініш мақұлданған, бірақ түрлі себеп бойынша берілмеген: бизнес-жоспардың дұрыс болмауы, банктердің созып жіберуінен.
Кәсіпкерлердің кей бөлігі қарапайым заттар экономикасы бағдарламасынан басқа бағдарламаларға ауысты: «Бизнестің жол картасы», «Еңбек», «АӨК», «Даму Өндіріс».

adimage