Qazaqstan мемарнасының тілшісі тікелей эфирде боксшылар мен күресшілердің дайындығын сынға алды

Астана. 2 тамыз. ҚазТАГ – Qazaqstan мемлекеттік арнасының тілшісі тікелей эфирде боксшылар мен күресшілердің дайындығын сынға алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жігіттерде батылдық жоқ – бокс болсын, күрес болсын... Оларды қалай дайындаған, түсініксіз. Энергия жоқ бұл жігіттерде», - деді дүйсенбі күні Токио Олимпиадасында грек-рим стиліндегі қазақстандық күресші Демеу Жадыраевтың жапондық спортшыдан жеңіліп қалғанына ашынған Qazaqstan телеарнасының тілшісі.
Атап өтелік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында тек үш қана олимпиада медалі бар, оның үстіне олардың барлығы да – қола, және соның тек біреуі ғана жекпе-жектен. Атап айтсақ, «қоланы» дзюдодан Елдос Сметов еншіледі, қалған екеуін ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло қанжылады.
Көптеген жекпе-жекшілер Жазғы ойындардағы жарыстарын тоқтатты. Қазір көптен күткен «алтынды» Қазақстанның бокстан құрамасының капитаны - суперауыр атлет Қамшыбек Кункабаев ала ма деген үміт бар. Ол Олимпиаданың жартылай финалына шығу арқылы қола медальді еншілеп отыр.

adimage