«Қордай» өткізу пунктін толығымен жаңарту 2020 жылы басталады – Атамқұлов

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу пунктін толығымен жаңарту 2020 жылы басталады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
«Аталмыш пункт («Қордай» – ҚазТАГ) индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің балансына берілді. Биыл барлық жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қайта жөндеу, көпір құрылысы және «Қордай» пунктін толық жаңарту жобасы 2020 жылы басталады. Қарашада жұмыстарды жүргізуге конкурс жарияланады», - деп мәлімдеді Атамқұлов сәрсенбіде мәжілістің кезекті отырысында.
Министр мұны бұрын да бастай алатынын айтты.
«Алайда біздің қырғыз әріптестеріміз жазда, оларда туристік маусым қызып тұрғанда «Қордайды» жаппауды сұрап отыр», - деп түсіндірді Атамқұлов.

adimage