«Қорғас» ШЫХО-да жарияланбаған Т17 млн қаржысы бар қазақстандық ұсталды

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Жарияланбаған Т17 млн қаржысы бар қазақстандық «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығында (ШЫХО) ұсталды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Қорғас» шекара маңы бақылауының жасағы учаскесінде орналасқан Шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығының өткізу пунктінде шекара жасағы 2018 жылдың 11 желтоқсанында сағат 09.00 шамасында орталық аумағына 16 915 000 теңге көлемінде жарияланбаған валютаны заңсыз алып өтпек болған 48 жасар қазақстандық азаматты ұстады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, ұсталған валюта акті бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне берілген.
Сондай-ақ, кеден бекетінде еске салғандай, жеке қажеттіліктері үшін ҚР шекарасынан кедендік жариялауды жүргізбей-ақ $10 мыңға дейінгі соманы алып өтуге рұқсат беріледі. .

adimage