Астана.1 ақпан.ҚазТАГ- «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды»,- делінген хабарламада.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ҚМГ Инжиниринг» ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Сәлімгереев бұдан бұрын «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-де сарапшы, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып, мұнай мен газдың жаңа кен орындарын игеру, мұнай беруді ұлғайту, өндіруге қиын қорларды тарту саласындағы ҚМГ-нің стратегиялық міндеттерін іске асыруға жетекшілік етті.
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС бас директоры болып Мәлік Сәлімгереев тағайындалды
