«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ монополияға қарсы заңнаманы бұзған – БҚДА

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР БҚДА Астана қаласындағы департаменті «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлады бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.

«ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті өтінішті қарау нәтижесінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады», - делінген хабарда.

Қоғам «ҚазҚСҒЗИ» АҚ жобалау ұйымына барлық өткізу пункттерін жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға белгілі бір өндірушінің инспекциялық-тексеру кешендерін енгізуді ұсынған. Бұл жекелеген жеткізушілер үшін артықшылықтар тудырып, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын, атап айтқанда, мемлекеттік функцияларды орындайтын ұйым тарапынан жасалатын бәсекелестікке қарсы әрекеттерді бұзу әрекеттеріне жатады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының атына тексеру жабдық нарығындағы бәсекелестікті шектеуге әкелетін әрекеттерге жол берілмеу керектігі туралы хабарлама жолданды.

Өз кезегінде, акционерлік қоғам анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады.

adimage