Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ - Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады,  кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді,  дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді,  батыстан 7-12  м/с жел тұрып, екпіні 15  м/с жетеді, +22+24.  
Алматыда құбылмалы бұлтты,  жауын-шашынсыз, 0-5 м/с жел тұрады, +28+30.
Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады,  +20+25 және +22+27.  Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады деп күтілуде, кей жерлерде күн күркірейді, тұман, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, +17+22.  Павлодар облысында күндіз жауын-шашынсыз, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +21+26.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн  күркірейді, +22+27 және +23+28. Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, ертеңгісін кей жерлерде тұман,  Шығыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.    
Алматы облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады,  күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады, +28+33. Жамбыл  және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл, 15-20 м/с жел тұрады, +29+34 және +30+35. Жамбыл облысының жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.  Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, +30+35.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күндіз жауын-шашынсыз,  сәйкесінше, +29+34, +30+35, +28+33 және  +25+30.  
Маңғыстаудың көп бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қауіптілігі сақталады.  
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде жаңбырдың жаууына байланысты су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Жазықтық аумақтағы өзендерде гилдрологиялық режимде айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

adimage