Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-ді сәтті бастады

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов.
20 жасар қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Теннистен Аустралия ашық чемпионаты-2020 (Australian Open) сәтті бастады, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА тілшісі.
Бірінші турда әлемнің 26-шы ракеткасы Рыбакина АҚШ-тан келген Бернарду Пераны (әлемнің 65-ші ракеткасы) 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Жарыстың келесі кезеңінде Елена Александра Соснович (Беларусь) – Грэт Миннен (Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды, олардың екеуі де бүгінгі таңда қазақстандыққа қарағанда төмен рейтингте тұр.
Кейін турнирде тағы екі қазақстандық ойнайды: Юлия Путинцева Су-Вэй Сьехке (Тайвань) және Зарина Дияс Аманды Анисимоваға (США) қарсы ойнайды.
Теннистен Аустралия ашық чемпионаты – Үлкен шлем төрт турнирінің біреуі, ол биыл аустралиялық Мельбурн қаласында жергілікті «Мельбурн саябағы» спорттық кешені кортында өтіп жатыр. Жарыстың негізгі кестелері дәстүрлі түрде қаңтардың аяғында ақпан айының басында екі апталық үзіліспен өткізіліп, тоғыз санат бойынша жеңімпаздарды анықтайды: бесеуі – ересектерде және төртеуі – ересек юниорлар арасында. Жүлде қоры – $71 млн.

adimage