Астана. 17 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық маңыздағы автокөлік жолын ашты, деп хабарлады ҚР премьер-миннистрінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды және өзбек әріптесі Абдулла Ариповпен бірге «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» бағытындағы автокөлік жолының ашылуына қатысты», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ҚР Үкіметінің басшысы «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан Республикасының шекарасы» халықаралық автомобиль жолында қозғалыстың ашылу рәсімімен құттықтап, бұл айтулы оқиғаның Орталық Азияның көлік инфрақұрылымының дамуына, сауда-саттық көлемінің артуына, транзиттік әлеуетін іске асыруға серпін беретінін атап өтті.
ҚР Үкіметінің басшысы «ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев қатысқан бұл жобаның Қазақстанның Өзбекстандағы жылында бастау алғанының терең мәні бары екенін» айтты.
Өз кезегінде Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов көршілес бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан елдері үшін бұл оқиғаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл жобаны табысты іске асыру Жібек жолының сауда ағынына және бүкіл біздің аймақтың дамуына жаңа серпін береді», — деді А. Арипов «бұл автомагистральдің, ең алдымен, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі жандандыру үшін маңызы зор» екенін атап өтіп.
Қатысты сілтемелер
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02
-
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 5 нысан бұзылды29 Наурыз 2024, 11:07
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21