«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының төрағасы ауысты

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының төрағасы ауысты, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасы болып Бішімов Қуаныш Ердәулетұлы тағайындалды. Бұған дейін аталмыш қызметті атқарған Нұрмұхамбет Әбдібеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Бұған дейін Бішімов 2017 жылдан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары, 2005-2017 жылдары «Тыныс» АҚ және «Петропавл ауыр машинақұрылысы зауыты» АҚ бас директоры, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ вице-президенті болған. Оның алдында 2003-2005 жылдары қорғаныс өндірісі департаментінің, «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ техникалық даму және жобалау басқармасының директоры болған.

adimage