«Қазақмыс» кен орны коронавирус жағдайына байланысты уақытша жабылды

Күні: 19:20, 22-05-2020.

Қарағанды. 22 мамыр. ҚазТАГ – «Қазақмыс» АҚ кен орны коронавирус жағдайына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурстан.
«Қазақмыс» АҚ кәсіпорнында КВИ жұқтырудың 133 жағдайы тіркелген. Кен орны жұмысшыларының 41%-ы Теміртауда тұрады, яғни 54 адам. Қарағандыда 48%-ы тұрады, немесе 65 адам, Бұқар-Жырау ауданында – 11%, немесе 14 жағдай. Науқастармен байланыста болған 1515 адам анықталды, олардың ішінде 244 адам жақын қарым-қатынаста болған, әлеуеттілері – 1271. Қазір кен орнының жұмысы уақытша тоқтатылды. Ол 1 маусымға дейін жабық болады», - деді Қарағанды облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров.
Ол байланыста болғандардың барлығынан ПТР сынамалары алынғанын нақтылады.
«Нәтижелері кейін белгілі болады», - деді Асқаров.


Жаңалықтармен бөлісу: